Қара жорға (исполнитель: Кара жорга ( точные казахские слова))

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме,
Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме.
Ал қәнекей жолдастар біреуің шық тойбастар,
Той дегенде дейді екен домалайды қу бастар.

Ал халайық билеңдер билеңіздер сүйгенмен,
Басыңыздар шаттанып қара жорға биіне.
Қоссын барлық бейнеге қан тарасын денеге,
Қара жорға болмаса тойдың сәні келер ме.

Қара жорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар,
Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар.
Келе бермес ыңғайға дәл осындай күн қайда
Ойнаңыздар жамағат билеңіздер мұндайда.

Шалдар жүрсе шаттанып жанарынан от жанып
Би билесін майданда кемпіріне мақтанып
Кемпір жүрсін кеңкілдеп ақ жаулығы желпілдеп
Шалдарына көз қысып би билесін секілдеп

Биле жеңгем билегім мына тойдың гүлі едің
Ағалардың қалайда дыр дыр еткіз жүрегін
Салауатты ағасы азаматтың сарасы
Билеп жатқан сылқылдап келіншектерге қарашы

Биле биле жігіттер жанып тұрған үміттер
Шыққанынша тоқтама маңдайыңнан тұнық тер
Биле қыздар бұралып сауық сайран құратып
Жауласын бір от сезім жүректерде сұрапыл

Қыздар солай мәздасын жүрек қылын қозғасын
Көрген кезде жігіттер талып түсе жаздасын
Ғашықтарда тіл қатып жүректерді жыр қатып
Қыз бен жігіт қосылып билеу деген бір бақыт

Биле биле сұлуым қандай ғажап күлуің
Сыртылдасын саусағың былқылдасын буының
Анау тұрған бойжеткен сүйкімді еді ау ой неткен
Талайлаған жігіттің жүректерін сөйлеткен

Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме
Қос етек көйлек кимесе қыздың сәні келер ме
Қара жорға ойнаңдар қой десе де қоймаңдар,
Қос жүректің шаттығын дәл осылай тойлаңдар!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Dont Touch My Hair Hoe Brooke Candy  Лунный свет кукрыниксы  I Wanna Be The EeOneGuy Lemon Demon  МАМА ТЫ НЕ ЖДИ МЕНЯ  Ching ching ching nikka costa  Не спеши кукрыниксы  Рома drink просто  Солдатская печаль кукрыниксы 
О чем песня
Кара жорга ( точные казахские слова) - Қара жорға?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен