Махаббат туралы! (исполнитель: 2017)
*Құдайым-ау,осы біздер бөтен болып кеткенбіз бе, Алыстадықпа па аңсайтын,сағынатын шектен біз де. Іздемейміз,сұрамаймыз көңілі бөтен жандардай, Бір-бірімізді танымас хәлге жеткенбіз бе. Құдайым-ау,кеше ғана жүрек ортақ,тән егіз, Ажыраспастай жүруші едік осы біздер екеуміз. Бүгінгі күн салқын тартты күзгі таңның шығындай, Алдан күтер ауыр күнді біз білмеген екенбіз. Енді міне қимасақта сол күндерді бір жүрген, Сағынсақ та талай таңды бірге атырып бір күлген. Жүрекке жара,тәнге салмақ салса дағы бір күні, Ажырасатын сәт келерін,айтшы жаным кім білген. Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады, Тәтті өмір елес болып сол қалпында қалады. Ал екеуміз қимасақ та,сол бір тәтті күндерді, Ағыс шіркін екеумізді алыстатып барады.