Сонгы хат 2014 (исполнитель: Lee Bruno x QaraKesek (LN) - Сонгы хат 2014)

Білесің бе, менің саған қатты басым кетеді,
Бірақ саған жоласам, мені алынбайтын асу күтеді.

Сеніменен асып өтем деп айту өте қиын,
Көрсем, байланып қаламын, шешілмейтін көп түйінім.
Татымайды көк тиынға, тіпті болмайды бағалауға,
Ақтөбе үлкен қала ғой, шағала көп жағалауда.
Мында биік көлік, бай және өлік те,
Сен үшін бәрі дайын ба, ашық-шашық киініп кел.
Мұнда бәрі дайын ләззат сыйлауға саған әрдайым,
Болашақты ойлама, ойла бір түннің жағдайын.
«Өмір бәрін үйретеді» деген сөз бар еді,
Бәрін үйреніп алдым, күтіп қалды, тез бар енді.
Қайдасың жалпы, айтшы, біз қайдамыз,
Бақытты боламыз деген тағдырға өтпеді ме айламыз.
Қош бол...
Кешір мені...

Қ-сы:
Жүректі қинама, сезіммен ойнама,
Оңаша ойға алам, сүйгенмін сені ғана.
Болғансың маған ауа, жарама сезім дауа,
Түсіндім енді ғана – жүргенмін қиялдана.

Міне саған соңғы хатым, аяғына дейін тыңда,
Сен кеткенде мені тастап, мұңлы күймен жүрдім мұнда.
Тұман басып айналамды, күйге түстім жол таба алмай,
Ал сен болсаң мені тастап жүргенің бе, ол қалай?
Ия, аяма мені, мені ұмытсаң да,
Сенсіз де жүре аламын, ауыр тисе де жаныма.
Сіңіп кеттің қаныма, енді мынау істегенің,
Мен сені шексіз сүйдім, ал мынау не істегенің?
Жыр төгемін жанымнан, бөлісемін мұңымды,
Басқа жанды табармын, түсінер менің жанымды.
Тоғыспады екі жол, екеуміз екі жақта,
Жек көргенім соншалықты, жүрмін енді кек сақтап.
Жазылды ма, босасын, сеніменен өмірде,
Саған деген сезім қалды әлі күнге көңілде.
Әлі, білсең, сені сүйем, сен мені ұмытсаң да,
Болды енді, қош бол, бақыт тап өзге жаннан.

Қ-сы:
Жүректі қинама, сезіммен ойнама,
Оңаша ойға алам, сүйгенмін сені ғана.
Болғансың маған ауа, жарама сезім дауа,
Түсіндім енді ғана – жүргенмін қиялдана.

Бұл – менің соңғы хатым саған,
Қабыл ал.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Maroon 5 move like jagger  Lucio Battisti - Ancora Tu  Down by the River Pulp  Девочки простите мальчики  Ночью тебе не спится  Shearwater A Hush  Shearwater My Good Deed 
О чем песня
Lee Bruno x QaraKesek (LN) - Сонгы хат 2014 - Сонгы хат 2014?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен