олшеули омир (исполнитель: саят абенов)

Менің үніме құлақ түр елім,
Бəрі-бəрі де сынақ білемін.
Өмір жайында ойлана қалсам, 
Ессіз адамдай жылап-күлемін. 

Жүрміз өлместей өмірге келіп,
Жалғанның жайлы төрін де көріп.
Басыңа жауған бақыттың қары,
Түседі-ау, бір күн көңілден еріп.

Кетер əкең де, анаң да кетер,
Кеткенше саған алаңдап өтер. 
Тірі кезінде құрметте бəрін,
Өкпелегенше заманға бекер.

Бермес ешкімге тіршілік баға,
Татымас байлық бір шыбыққа да.
Анау өмірге апаратының,
Құдайға қылған құлшылық қана

"Шіркін" таусылса " əттеңің" ғана,
салкын кундердин сəттерін қара.
Жалғаннан жалғыз алатын еншің,
Бір-екі метр ақ кебін ғана...

Сыналар өмір өтінде күшің, 
Бай адам мықты секілді ел үшін.
Жер бетін ешкім жаулай алмайды,
Жер жаулап алар бетіндегісін.

Жетер Алладан үкім алдағы,
Пенденің өлмеу бүкіл арманы.
Айтып келмейтін ажал құрғырдан,
Қорқыттың өзі құтыла алмады.

Мəңгілік емес жалған бəрі де,
Біз татқан қиял, арман дəмі де.
Кəрілік келер қалған өмірің,
Байланып жіпсіз қалған дəріге.

Кешегі өткен əр күнің елес,
Əрбір адамның тағдыры белес.
Бəріне мəңгі өмір тілер ем,
Өмірде бəрі мəңгілік емес!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Do Without My Love Radio Edit Новинки Недели  Наша семейная песня Хочу чтоб  Однажды утром в холодном доме  Она загадочна как осень или  Алкоголь в моей крови в воздухе  Сумерки Я ждал тебя так долго  9 пьес для большого органа - 1  Игра в Любовь - Уничтожай меня 
О чем песня
саят абенов - олшеули омир?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен