Ақ маңдайлым (исполнитель: Шамшi Калдаяков (Болат Бокенов))

әні Шәмші Қалдаяқовтікі

сөзі Мұзафар Әлімбаевтікі

 

Көк майса Алатаудың бөктерінде,

Гүл тердік жастық шақтың көктемінде.

Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,

Қолымды жеткізгендей көкте күнге.

 

Қайырмасы:

 

Айналдым, ақ маңдайлым,

Ақылдым, бал таңдайлым.

Жалынды жас дәуренде,

Ұялма "жан сәулем" де.

Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші,

Жадырашы, назданшы, еркелеші.

 

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,

Өзіңе іштей мені тартып еді.

Өзгеге өзін қимас өр көңілім,

Лебіңмен қорғасындай балқып еді.

 

Қайырмасы:

 

"Сен" деген ыстық сөзің артық еді,

Өзіңе іштей мені тартып еді.

"Сіз" деген салқын сөзден қорқамын ғой,

"Сен" десең көңіл қайта шалқыр еді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Не зажигай  В апреле  Arctic Monkeys A Certain Romance  Ты одна такая  Венечка 
О чем песня
Шамшi Калдаяков (Болат Бокенов) - Ақ маңдайлым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен