Орамалды арулар (исполнитель: Қуаныш Қолхаев)

«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі, 
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» - 
Деген ой сезілмейтін жүрісінен, 
Орамал таққан қыздар қандай жақсы! 
Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын, 
Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын. 
Шілденің аптабына шыдайды олар, 
Тозақтың жалынына жанбау үшін. 
Көпшілік сырттарынан не демейді? 
Ал олар соның бәрін елемейді. 
Алланың разылығын іздегенді, 
Адамның қаңқу сөзі бөгемейді. 
Әр ісі тұнып тұрған мағынаға, 
Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма? 
Жақсы ана болады олар ұрпағына, 
Жақсы әйел бола алады жарына да. 
Соларға қолың жетсе - бағың жанды, 
Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі, 
Ұлтымның ұятының ұясындай, 
Сыйлаңдар хиджаптағы аруларды.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Проклятие темного леса  Жан поль петросян  Fuoco Nel Vento Костер на ветру Adriano Celentano  Noize MC Anacondaz - Похуисты  Новый год Ермолов  Hate It When You Leave Keith Richards  Не только ночами ночные грузчики  Про дашу и вику 
О чем песня
Қуаныш Қолхаев - Орамалды арулар?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен