Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны (исполнитель: Государственный гимн Республики Казахстан)

Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн жығып, атты таң.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Оттаның даңқына,
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді достыққа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске
Данышпан партия — сүйікті кемеңгер.

Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бақытқа,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Talib tale buzlar  Louis Armstrong Sugar  Груффало  Miatriss ъ  Miatriss Твёрдый знак ъ  Твёрдый знак ъ  Я поверила в сказку  Varsal - скажи мне где 
О чем песня
Государственный гимн Республики Казахстан - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен