Тунги Кала (исполнитель: Даурен Сейтжанов)

Көруге көздер ашық,
Сезуге көңіл ояу,
Үнімен ұйқы қашып,
Қалғанда таңға таяу.
Ақырын есікті ашып,
Төменге түстім баяу.
Асықпай анық басып,
Көшеге шықтым жаяу.
Оянды ерте қала,
Асығып суыт жандар,
Тыныққан оймен сана,
Жүгіріп шыныққандар 
Оянды ерте құстар,
Және де терек талдар,
Оятты біреулерді,
Тірлік пен себеп-салдар.
Қайырмасы
О қала!!
Ол біздің әсем қала,
Төзімде тағат бар ма?
Өмірлік сұрақтарға,
Өзіңде жауап бар ма?
О қала!
Ол біздің ару қала!
Сөзіме үн қатпаған,
Жәй күйің жұмбақ маған.
Сырымды кімге ақтарам?
Шамдардай шағылысқан
Сандардай жаңылысқан,
Қозғалып әрлі-берлі,
Көліктер ағылысқан,
Сеңдердей соғылысқан,
Шамдардай сағынысқан,
Жан-жаққа бара жатыр,
Адамдар сабылысқан
Қайырмасы (2 рет)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Wiz Khalifa Stayin Out All Night  Losing my religion  Circa Survive Everyway  Та4то  Если чё АК-47  Ани лорак спи  Gonna fly  We will never die 
О чем песня
Даурен Сейтжанов - Тунги Кала?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен