Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Айтатын саған сырым бұл, Ертеңім менің бұлыңғыр. Әлсіреп, дымым құрып жүр. Адасып менен құлын-жыр. Айтатын саған сырым бұл, Бастаудың мұздай суымен Жоқ болып кетсем жуындыр. Өртенген жанды суындыр. Қ-сы: Ерте келіп, ерте кетіп, Шарамды таусып, төңкеріп, Кетем бе деп қорқамын, Өз отыма өртеніп. Бұлақтың мұздай суымен Жуындыр мені, жуындыр. Қауышып жаным жырыммен, Алайын сосын тыным бір... Қ-сы: Ерте келіп, ерте кетіп, Шарамды таусып, төңкеріп, Кетем бе деп қорқамын, Өз отыма өртеніп.