Салауат (исполнитель: Йасауи тобы)

Салауат
Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммад,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммад.
Қанағатқа қалыбы құрбан болған Мұхаммад,
Жамағатқа жалыны нұрдан болған Мұхаммад,
Адасқанның ақ жолын анық қылған Мұхаммад.
Құран оқып Аллаға зарық қылған Мұхаммад.

Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам, 
Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам,

Өлмегеннің кеудесін жарық қылған Мұхаммад,
Шөлдегенді кәусарға қанық қылған Мұхаммад.
Ғаріп пенен жетімді нәрлендірген Мұхаммад,
Тарыққаның жүрегін әлдендірген Мұхаммад.
Әбу Жаһил Лаһабқа алынбаған Мұхаммад,
Ораза мен намаздан жаңылмаған Мұхаммад.

Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам, 
Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам,

Қасірет пен қайғыңды арқалаған Мұхаммад,
Малғұн лағыл шайтаннан қалқалаған Мұхаммад.
Шариғаттың жолында бақтың гүлі Мұхаммад,
Тариқатқа жетекші пәктің пірі Мұхаммад,
Дұғалары мәңгілік қабыл болған Мұхаммад.
Төзім менен серігі сабыр болған Мұхаммад,

Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам, 
Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам,

Жамандыққа жақсылық нәсіп қылған Мұхаммад.
Ақиқатқа ұйытып ғашық қылған Мұхаммад,
Шапағатын Алланың шашып туған Мұхаммад.
Залымдардың кеудесін басып туған Мұхаммад,
Сәжде қылып иіліп, ұлықтанған Мұхаммад.
Тағат қылып нәпсіге құлып салған Мұхаммад,

Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам, 
Йа, Мухаммад, Мухаммад, уассалату уассалам,

Бес уақыт намаз болғанда имам болған Мұхаммад.
Миғраж асып Құдайға мейман Мұхаммад,
Тасбих айтып тазармай танылмаған Мұхаммад.
Аршы гүрсі базары сыйдан болған Мұхаммад,
Сегіз бейіш иесі уәли болған Мұхаммад.
Міскін Ахмет зарланып қари болған Мұхаммад.
Жарды сүйіп баршаға дана болған Мұхаммад,
Жетім менен пақырға пана болған Мұхаммад.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Beaute  Cheri- cheri  Чужое  Я не я  But i need you  Skillet-  Новое утро 
О чем песня
Йасауи тобы - Салауат?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен