Бір кезде мен байқадым, сенің нәзік бейнеңді, Сол кезден (исполнитель: Саги Хален)

Бір кезде мен байқадым, сенің нәзік бейнеңді,
 Сол кезден бастап мені, нәзік сезім биледі.
 Неге екенін білмеймін, тек өзіңді ойлаймын,
 Сенің мөлдір жанарыңа қарай берем тоймаймын.
 Сүйіп қалған секілдімін, жаным-ау бір өзіңді,
 Әсем әуен секілді, естісем мен сөзіңді
 Уәде берем бірге болсақ сені бақытты қылам
 Әрқашанда күлімдеп, жаным болшы сен аман!
 Мүмкін сүйетін шығарсың, мүмкін жай тек ұнатасың
 Оны әзір білмеймін, бір күні мені ұмытарсың
 Саған ғашық боп жүргенге болды міне көп уақыт,
 Қара көзіңді көргенде, мен үшін сол бақыт.
 Кеудемдегі сырларым, өртеп барад жанымды
 Сол сырларым жолдар болып парақ бетіне жазылды
 Жүр едім ғой бейхабар махаббаттан
 Құшақ жайған, қол созған қандай адам...

 Қайырма

 Сен қасымнан өткенде жүрек қатты соғады,
 Сен қараған сәттерде жүрек от боп жанады.

 Шумақ 2

 Сен сияқты сұлуды, бұрын соңды көрмегем,
 Қызғалдақтай құлпырған сен неткен нәзік едің
 Көлде жүзген қос аққудай бір болайық екеуміз,
 Бірге болсақ екеуміз, асулардан өтерміз.
 Талай бақыт таңдарын бірге аттырып екеуміз,
 Талай бақыт арманға бірге болсақ жетерміз
 Әрқашанда жаным-ау болшы менің қасымда,
 Тек өзіңсің менің бағым, тек өзіңсің барымда.
 Сен көзіме қарасаң бақыт нұрын сеземін,
 Сен көзіме қарасаң махаббатқа сенемін
 Осы жалған өмірде мен өзіңді сүйемін,
 Тек өзіңді аялап сыйлауменен өтермін.
 Уақыт өте саған деген махаббатым күшеюде,
 Тек сенімен әрдайым бірге болғым келеді
 Міне жанып саған арнап осы әнді жазғаным,
 Ал мен болсам сенің, жауабыңды тосамын...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
I Dont Wanna Know Surrender The Fall  Ступеньки nebo7  Pici Rap Пика  Дай мне чек  Жан ярам з  Песчаная  Шаг в право 
О чем песня
Саги Хален - Бір кезде мен байқадым, сенің нәзік бейнеңді, Сол кезден?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен