Сүйгенімнің тойы [Дұрыс Рэп] (исполнитель: SAIF)

Өткеніңбе,кеткеніңбе сағымдай,
Өзің айтшы қалай жүрем сағынбай.
Айтшы жаным түсіндірші сен өзің,
Пәк махаббат бос әуреме бұл қалай.

Кешір құрбым түсінбедім мұныңды,
Неге сонша төмендеттің құнымды.
Басқа жанмен бақыт табам десеңіз,
Амал қанша бөгемеймін жолыңды.

Бәрі осылай боларына сенбедім,
Сен барасың отын жағып өзгенің.
Болып жатқан осы жайға кінәлі,
Түсінемін,түсінемін тек өзім.

Бірақ сені өзге жанға қимаймын,
Неге мені осыншама қинадың.
Басқа жанмен қол ұстаспақ болсаңыз,
Неге маған тұмарыңды сыйладың.

Қ-сы:

Жалғыздық жанымды өртеп қинады,
Жүзімнен мұңымды жасыра алмадым,
Ұмытып бәрінде өткенге тастадым.
Өзне арналған бұл менің соңғы әнім

Білем жаным саған әлі қымбатпын,
Қош айтысып қос жүректі жылаттың.
Мені сүйіп өзге жанмен бас қостың,
Түсінбеймін бұл сырыңды қымбаттым.

Ала-бөтен еш нәрсе жоқ ойымда,
Алып ұшып келіп жеттім тойыңа.
Жанарыңды алмайсыңау сен менен,
Маған айтар сырың көп-ау бойыңда.

Жан жағымнан мазалайды достарым,
Қалай ғана ажыраған бастарың.
Көру қиын ұғамысың жанымау,
Сүйгеніңді құшағында басқаның.

Неге келдім не үшін келдім бұл тойға,
Ерекше бір әлсіздік бар бойымда.
Сен де мендей қиналасың сезінем,
Өтінем жылай көрмеші тойыңда.

Осы тойда ән сал дейді достарым,
Қалай ғана бұл ойларын қоштайын.
Ән емес ау сөз сөйлеуге шамам жоқ,
Қыйын тартып бара жатыр жағдайым.

Тым болмаса бүгін жүрші күлімдеп,
Көңіл бөлер жұрттың бәрі тым ерек.
Маған қарай бергеніңді қоймайсың,
Мен отырмын қайдан ғана келдім?-деп.

Бақытты бол басқа айтарым жоқ бөтен,
Бұл сөзімде тыс шығып тұр еркімнен.
Амал қанша қолдан келер қайран жоқ,
Мәңгілікке қош айтыстым өзіңмен.

Қайғырмашы,жыламашы,күрсінбе,
Бақытты бол қай арада жүрсеңде.
Қадірлей біл әрқашанда жарыңды,
Бұл сыйыңды бағалар-ау өзіде.

Қ-сы
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
My chemical  The outsider  Это не я это не он  НИ ТВОЯ НИ МОЯ  Не гаснет свет  Lets Get Loud Jennifer Lopez  Ben Harper Waiting On an Angel  Всё не для нас 
О чем песня
SAIF - Сүйгенімнің тойы [Дұрыс Рэп]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен