Тастанды бала (исполнитель: J.N pro Jaras a.k.a Bosha feat Birzhan a.k.a Rinat)

Өмірге келеді кішкентай сәби бала
Ол баланың айналасы қара толған ала
Өмірге әкелетін оның әрине анасы
Өмірге әкелгенмен, анасында жоқ санасы
Тастайды баланы босанып болғаннан соң
Сатады баланы ақшасы болмаған соң
Раббының сыйына шүкіршілігі жоқ
Ақшаны көргенде оған көңілі тоқ
Бала келе жатыр балалар үйіне
Енді түсті көңілі жетімдер күйіне
Тастанды бала екі жасқа толады
Ата-ананы көрмей, өте қатты сағынады
Терезеге қарайды, бірде жаңбыр жауып тұр
Терезеге қарайды, бірде күн шығып тұр
Осы екі ауа райы оның көңіл күйі
Баланың шыққандай сағыныш бүйі
Тағыда толады бес жасқа ол бала
Ойында жүреді әрқашан ата-ана
Ер жетіп келеді жетімдікке бағынып
Өскен еді ол бала ана сүтін сағынып
Балалар үйінде достары көбейеді
Тиіскен балдармен төбелесе біледі
Бір баламен достасады мәңгіге дос болуға
Өсе келе екі дос бірін-бірі қолдауда
Екеуіде сырласады ішкі мұңын айтып
Ата- анаға келсе мұңаяды қайтып
Міне 13- жаста екі дос айрылмастай
Екеуіде еңбек етіп ойлары тек сабақта
Тастанды бала ойлайды тек қана болашақты
Қасындағы жан дос әрдайым оны қолдапты
Тастанды баланың туған күнін тойлауда
Міне достары оны жақсылап құттықтауда
Бір арманы бар оның, анам келіп құттықтаса
Анам келіп құттықтап бетімнен сүйсе егерде
Ол арманы оның орындалмастай қалған
Енді оның армандары бәріде жалған
Деддомнан шығуға жасы он жетіге келеді
Деддомның апайлары оқуға жібереді
Бірінші қыркүйекте барады оқуына
Ойындағы армандарын жүзеге асыруға
Балалар үйінен бостандыққа қолы жетті
Оқуына кіріп еді достары көбейіп кетті
Группамен бірігіп бір вечерге барады
Сол вечерде бір қыз көзін алмай қарады
Екеуі танысады, жақынырақ біліседі
Келесі күні қызбен жігіт кездеседі
Сұлу қыздың ағасы арасына түседі
Қарындасына қырыңдаған тастандыға тиіседі
Есікті ашып екі жігіт далаға шығады
Екеуі күш сынасып бірімен-бірі қырылады
Сұлу қыздың ағасы жеңіліп қалады
Өзінің жеңілгенін ешқашан мойындамады
Түңгі сағат он екі, тастанды қайда барады
Қайда болушы еді, жатаханаға барады
Үш қара жігіт алдынан шығады
Үшеуінің екеуін әдемілеп құлатады
Қыздың ағасы келіп электрмен ұйықтатады
Ұйықтағаннан кейін, көлікке салып алады
Орманға апарады, түсіндіріп сөйлеседі
Тастанды бала айтқанына көнбеді
Ашуланып қыз ағасы қару алып шығады
Қарындасқа тиме деп тағыда сұрады
Осылай тұрып біраз уақыт өтіп кетті
Біраз уақыт арасында шайтан келіп түртіп кетті
 Ол баланы албастылар атып өлтіреді
Тастанды бала ақырында қара жерге көміледі
 Махаббаттың күйігімен ол бала өліп барады
Бірақ оның ойында тастап кеткен ата-анасы
Соңғы рет ойланып көк аспанға күле қарады
Ата-ана неге мені тастап кеттіңіздер..
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Wayfaring  Justin Bieber One Life  Rihanna stuped in love  МаЯки  Otto Dix - Эго  04 Ария 
О чем песня
J.N pro Jaras a.k.a Bosha feat Birzhan a.k.a Rinat - Тастанды бала?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен