Тұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем" (исполнитель: Нұрсұлтан Талғатұлы)

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВТІКІ

Сүйеді екем, сүйеді екем сені мен,
Артық көріп көктеменің лебінен.
Сен туралы жырлайды екен құс біткен, 
Махаббатты алып ұшып көгімен.

Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның, 
Ұқсамайды жүрісіне басқаның.
Сенің жайлап үн шығармай күлгенің 
Ұқсамайды күлісіне басқаның.

Сенің көзің қара да емес, көк те емес, 
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес. 
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде, 
Сенсіз жерде қызыл гүл де көктемес.

Сен өзіңсің, сен сезімсің мендегі 
Күмбірлетіп жіберетін кеудені 
Домбыраның құлақ күйін келтіріп, 
Шертпегенің, тартпағаның жөн бе еді.

Көп жүріппіз, жетер жол да аз қапты, 
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты. 
Үнсіз ғана қоштасып ек екеуміз,
Үнсіз қайта табысуға жазбапты.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ильназ сафиуллин аерылмагыз  Фокс ТВ  Если хочешь уходи Nemoy Angel ft Sitya  Пасхальная песня Неизвестен  Небо нас обручит  Elvis presli  Мама я уже взрослая 
О чем песня
Нұрсұлтан Талғатұлы - Тұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем"?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен