Соңғы вальс | .comamangeldiev_bagi (исполнитель: BaGi)

Соңғы вальс

Қайырмасы:
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін,
Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін.
Соңғы вальс – қоштасу, амал қалмады,
Мөлдіреп көздеріңнен ыстық жас тамады.

Сүйсіне қараушы едім көздеріңе,
Ұмыттың ба мені, жаным, әлде, өзгердің бе?
Көмегі тимеді ғой сөздердің де,
Ендеше бақытты бол, қалауың өз еркіңде.
Жаралы аққу көрдім көл бетінде,
Қимастықты байқадым аққудың келбетінде.
Айрылып серігінен ол да жалғыз,
Мен секілді күй кешіп жүр ғой жер бетінде.

Қайырмасы:
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін,
Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін.
Соңғы вальс – қоштасу, амал қалмады,
Мөлдіреп көздеріңнен ыстық жас тамады.

Ертегі өмірім де бітті менің,
Бақытты болғаныңды қалаймын, жаным, сенің.
Қай жақтан іздеп табам жүрек емін,
Сені көрсем тарылады іштегі менің демім.
Ес түссіз ғашық едім, жаным, саған,
Қоштасуға не себеп, айтшы, айтшы маған.
Менің қайғымды түсінер бар ма адам,
Жаныма дауа іздеп, жаным-ау, қайдан табам?

Қайырмасы:
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін,
Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін.
Соңғы вальс – қоштасу, амал қалмады,
Мөлдіреп көздеріңнен ыстық жас тамады.

Қимастықты жасыру, түсінші, маған қиын,
Жоғалтып алдым өмірдің берген маған сыйын.
Енді бірге бола алмаймыз, сену маған бір қиын,
Өзіңсіз өткен күннің құны, жаным, бір тиын.
Маған соңғы жасаған, жаным, болсын бір сыйың,
Қоштасудың билейік соңғы вальс бір биін.
Өңім бе, әлде түсім бе, көздеріме сенбеймін,
Бұл тағдырдың жазғанына көне алмайиын, көнбеймін.
Мүмкін, жаным, дұрыс шығар айрылысып жатқанымыз,
Күн секілді шығып барып, уақытында батқанымыз.
Кім біледі, дұрыс шығар өзге жанды тапқанымыз,
Сол жанмен бірге болып, бақыт шамын жаққанымыз.

Қайырмасы:
Сезімнің арқаладық ауыр жүгін,
Екеуміз қоштасып тұрмыз, жаным, бүгін.
Соңғы вальс – қоштасу, амал қалмады,
Мөлдіреп көздеріңнен ыстық жас тамады.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Бучинська кохання золото  Найди меня мам  Bojalar - Achchiq hayot  Аба эжы  Big Love Original Mix Low Deep T  Rosario Vampire Capu2  Дай мне силы Shot 
О чем песня
BaGi - Соңғы вальс | .comamangeldiev_bagi?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен