Ол сені сүймейді | .com/amangeldiev_bagi (исполнитель: BaGi)

Ол сені сүймейді

Ол сені сүймейді, ол сені сүймейді,
Ол сені сүймейді, ол сені сүймейді.

Қынжылып іштей ғана жүрегім қиналады,
Кеудеме толған ыза көзіме жиналады.
Жеткізу мүмкін емес сөздермен сезгенімді,
Ал сен мені сүймейсің, сүйесің өзге бірді.
Күтейін қанша уақыт, күтейін қанша шыдап,
Келемін осы күнге өзімді жиі алдап.
Сен болдың жүрегімнің жаралы жарты дерті,
Сенсіз маған тарылады қысылып жердің беті.
Ұйқымды сен ұрладың онсыз да сирек болған,
Жүрегімнің бақшасы, ондағы гүлдер солған.
Сен болдың себепшісі жүректегі ызғардың,
Елесі қала берді сағым болып жылдардың.

Қ-сы: (x2)
“Ол сені сүймейді” – мені күнде мазалайтын сөз,
“Ол сені сүймейді” – өмірдің мәнін ұрлайтын сөз.
“Ол сені сүймейді” – жүрегімді ауыртатын сөз,
“Ол сені сүймейді”, жоқ, жетеді, болды, доғар.

Жаным, сенің күлкің сәби күлкісіндей,
Келбетің маған ыстық жарқыраған күндей.
Сен болсаң қасымда, берер едім бәрін,
Өзіңсіз өмірім менің жоғалтады сәнін.
Қайтемін енді қуып қол жетпес арманымды,
Үмітім үзіліп менен кеткенде жалғанда.
Көбісі айтады: “Ол саған лайық емес”, - деп,
“Қинамашы өзіңді, ұмыт оны тез”, - деп.
Әдемі қыздар көп, қыздың да қызылы бар,
Мен сүйетін бойжеткеннің жүрегінде мұзы бар.
Көрікті бейнесі оның көктемдей құлпырған,
Қос жанары көзінде тұңғиық мың толған.
Жалғыздық тек қана Жаратқанға жарасқан,
Білесің бе, сен үшін талай жігіт таласқан.
Көптің бірі емеспін қолымды жерге ұрған,
Сен – мен үшін жалғызсың, армандап іздеп тапқан.

Қ-сы: (x2)
“Ол сені сүймейді” – мені күнде мазалайтын сөз,
“Ол сені сүймейді” – өмірдің мәнін ұрлайтын сөз.
“Ол сені сүймейді” – жүрегімді ауыртатын сөз,
“Ол сені сүймейді”, жоқ, жетеді, болды, доғар.

Ол сені сүймейді, ол сені сүймейді,
Ол сені сүймейді, ол сені сүймейді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Чтобы ты заплакала  Hayk hunanyan heranum em  DAVID DeeJay Ft AMI Magnetic  Та Сторона – Другой рай  Есине ал Muzart  Tsubasa Reservoir Chronicle Blaze  Fuckin Problem Feature Cuts Remix ASAP Rocky  Kakusei no air 
О чем песня
BaGi - Ол сені сүймейді | .com/amangeldiev_bagi?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен