Сендей адам жалгыз (исполнитель: Кайрат Нуртас)

1. 
Біз екеуіміз көкке самғадық
Әнге бөлеп айналаны,
Кешір жүрек, бола бермейді
Адамдардың ойлағаны

Сағыныштан күзгі бақтардан
Сені іздермін жалғыз, жалғыз
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз, жалғыз

Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз... (2рет)

2.
Махаббаттың салдық өрнегін
Қимастықпен қарай, қарай
Тулаған қанжарлы жүрекпен, 
Өмір сүрем қалай, қалай?!

Сағыныштан күзгі бақтардан
Сені іздермін жалғыз, жалғыз
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз, жалғыз

Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз... (2рет)

3.
Бір күндері мен де ұмытармын
Күндер өтер күрең, күрең 
Арман еді, мені адастырған
Қол жетпесін білем, білем... 

Сағыныштан күзгі бақтардан
Сені іздермін жалғыз, жалғыз
Сен есіме түскен шақтарда
Селдетермін жалғыз, жалғыз
 
Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам жалғыз, жалғыз... (2рет)

Сендей сірә, болмас ақ қар да...
Сендей адам....
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Алевтина не ломай  Martina Topley-Bird  Pharrell Williams Marilyn Monroe  Ты Так Хотела Стать  Звьоздочка  Pharrell Williams You can do it too  Sound of da police  Pharrell Williams Come Get It Bae 
О чем песня
Кайрат Нуртас - Сендей адам жалгыз?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен