Атаменкен - Жасыл Жайлау (исполнитель: Ескендір Қасанғалиев)
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны-ау деп білем Қайда жүрсең ата мекен Көкейіңде жатады екен Күннің өзі ұясына Қыймай оны батады екен Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі Қазағымның махаббаты-ау деп білем Қайда жүрсең ата мекен Көкейіңде жатады екен Күннің өзі ұясына Қыймай оны батады екен Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем Асқар тауың, аспаныммен таласқан Қазағымның мәртебесі-ау деп білем Қайда жүрсең ата мекен Көкейіңде жатады екен Күннің өзі ұясына Қыймай оны батады екен Қайда жүрсең ата мекен Көкейіңде жатады екен Күннің өзі ұясына Қыймай оны батады екен