Қыранша өмір сүрейік (исполнитель: Аманжол Рысмендиев)

Аманжол Рысмендиев

Үлкендер, орта буын, жастар жағы
Қанша болды бізге өмір басталғалы
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып
Таюда қанша адамның бастан бағы

Қайсарлықпен арманға жете біліп
Жазылған дараланып дастандары
Бабаларды ұрпағы ойландырған
Тəуелсіздік болып бір басты арманы

Ел боп тұрмыз еңсесі еңкеймейтін
Сезіледі ерліктің астан дəмі
Бабалардай намысшыл болайықшы
Қырандай қалықтаған аспандағы

Намыс қайда? күш қайда? жалын қайда?
Беріліп ұрпағы жүр уайымдарға
Ұрпағы жүр өс десең сылтау айтып
Ұятың қайда ҚАЗАҒЫМ, арың қайда?

Қырандай тəуекелге бел байласаң
Алам деген асулар алынбайма
Сенімңе жігерді серік етсең
Қорқынышың, күдігің арылмайма

Үлкен-үлкен істерсіз мəз боламыз
Толғанына томпиып қарын майға
Ойланбастан ұйықтаймыз түске дейін
Арманың ұрып тұратын дабыл қайда

Өмір өтті деп кейде қапаланып
Өкінеміз өксиміз жата ғалып
Мəз бола балам бар деп қуанамыз
Өзінше бір əке деп атағанын

Тəрбиесі баланың ойлантпайды
Ұмытқанбыз міндетті ата-аналық
Қыран болмай өзіміз үлгі болар
Қыран бол деп береміз бата барып

Əке үлгі ұлына болсын деген
Ұлы халық ҚАЗАҚТАЙ ата халық
Қырандай биіктерге самғайықшы
Жетістік пен Иманды қатар алып

Сөзбен емес іспенен тасқындайық
Орындалсын шын борыш ата-аналық
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Deezel  Ратмир шишков схожу с ума  Iceland-Yohanna-Is  Папа не уходи никогда слышишь не уходи  Забирай Kripmus Ft Selim  Nika lenina ao no  Словетский барцуха  Seda siraharvel em 
О чем песня
Аманжол Рысмендиев - Қыранша өмір сүрейік?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен