Өзім туралы (исполнитель: Қасым Аманжол)

Өзге  емес , өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде  тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
 
Аманжол  - Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
 
Ша-арлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қа-ай жерде үзіледі  қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.

Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Яяпырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.

Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
Баасымнан таярмысың бір күн дәурен.
Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
Жүүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жааңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Samir Ilqarli - Dolya Popuri 2015  Jack Strify - Just an Illusion  Christmas Is Coming Acoustic R5  Toumei Datta Sekai Full Motohiro Hata  Uzeyir Mehdizade - Cavanliq ela seydi  Devil Shit feat Playa Rob Evil Pimp  18 Panerai Pt 3 Slovetskii MOZAIKA  Chi No Ame Blood Rain Ethel Wulf 
О чем песня
Қасым Аманжол - Өзім туралы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен