Бақыт деген не ? (исполнитель: Мухтар Шаханов)

Бақыт деген не өзі? – деп, бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең, бақыттысың да емес пе.
Бірі айтады: Жоқ,
Бақыт деген қолың жетпес мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы-ақ қой.
Бірі айтады:
Бақыт деген, бақыт деген,
Жүйрік мініп, той тойлап,
Әсем болмай, күйбеңменен, қарын тойса, карта ойнап.
Бірі айтады:
Бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген,
Ол да соған ермек қой.
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Omar Hayam  Suno na suno  Harry Potter Friday The Hillywood Show  Bumboks i basta  Hann - Инсценировка  Dark Sarah  Snk мем  Как ты прекрасна любовь Валерий Ободзинский 
О чем песня
Мухтар Шаханов - Бақыт деген не ??
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен