Қазтуған жырау "Қайран Еділ" (исполнитель: Бекболат Тілеухан)

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз бізің бү Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз бізің Бозтұған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтұған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менім ордам қонған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен туйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас
Қайран менім Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Оно 5nizza  My Best Friend Paul Walker Tribute Song Tyrese feat  Yeah Yeah Yeah Jax Jones  101 сура  Tears AuroSonic rmx HeadStrong ft Stine Groove  Грязный фло-Chemodan  Со5отох сулус Ситим 
О чем песня
Бекболат Тілеухан - Қазтуған жырау "Қайран Еділ"?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен