Аяулы лицейім (исполнитель: 11-сынып оқушылары 2014-2015)

Әрбір атқан таң,
Құшағын жайған,
Қарсы алдым,лицей,өзіңде.
Қаншама сәттер,
Бақытты күндер,
Өзіңмен бірге өткізген.

Мол білім алып бір өзіңде,
Қиындықтарды жеңген кезде,
Қолдауды алып,ұстаз,мен бір өзіңізден.
Білдіремін алғыс сізге,
Еңбегіңіз сіңді бізге,
Жақсы көреміз біз сіздерді,ұстаздар!

Көп уақыт арада өтіп кетсе,
Қаласың сен мәңгі есте,
Арнаймын осы әнімді,лицей,өзіңе!
Бақытты да сыйлаған сен,
Шаттықты да сыйлаған сен,
Мәртебең асқақтасын,менің лицейім!

Көктегі жұлдыздай,
Жүре бер жарқырай,
Шыңдарды бағындырып әр кез.
Төменнен биікке ,
Әдепке,ізетке,
Жетелеп әкелдің,лицейім

Кіршіксіз өткен сол бір күндер,
Есте қалар мәңгі сәттер,
Бәрі де бір өзіңде өтті,лицейім.
Болашаққа сенім берген,
Дарынды да дамытқан сен,
Тұлға қалыптастырдың бізден,лицейім!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Running Wild Skeleton Dance  Самый лучший мужчина на земле  Running Wild Soul Vampires  Running Wild Rogues En Vogue  Running Wild The War 
О чем песня
11-сынып оқушылары 2014-2015 - Аяулы лицейім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен