Егерде мен өлсем (feat. Меруерт Мусрали) (исполнитель: G.H.A.D)

Егерде мен өлсем...

1-ші куплет:

Егерде мен өлсем, әлемге бәле болмас,
Қоғамнан біреуі кем, еш нәрсе байқалмас.
Егерде мен өлсем, жалғанның жаны да мәз,
Ақынның бірі кетіп, бірі болар аспаз.
Егерде мен өлсем, бауырым жалғыз жатады,
Даты бар бұл ғасыр, менсіз де таңы атады.
Егерде мен өлсем, көшелер шоғырланады.
Тәулік бойы телефонды тінтушілер жоғалады.
Егерде мен өлсем, достарым келіп жүрмейді,
Түнде кеш қайтқанымда көршінің иті үрмеді,
Егерде мен өлсем, билер үрки бермейді,
Анашым енді балаң, кешігіп үйге кірмейді.
Егерде мен өлсем, қарызды ұмытыңыз,
Ұл қызыңыз өскенде, тапталмасын хұқыңыз.
Іші тығыз жолаушы, 13, 80, 69.
Аялдамада күтпейді, мен жүретін автобус,
Егерде мен өлсем, жұртыммен кездесем,
Ұрпағыма келетұғын ақталып не десем.
Қандай өмір қалдырдың деп, болашақ талап етеді.
Бұл ғұмырды пайдасыз бекерге бос өтсем...

Кайырмасы:

Бекерге мен өлмейін, мәңгі болам демейін.
Адасқан бұл бір жаным, талпынуға бейім.
Әмір келсе жан алар, сақтай алмас бой тұмар.
Пенде бар ма жалғанда, тектілікпен көз жұмар.

2-ші куплет:

Бекерге мен өлмеймін, салынбас бейітім,
Туылған соң адам боп, тәрк етем ит кейіпін.
Ширатылған бұл жолда, алға қарай басамын,
Аспаз болып қазағыма, сүрлеген ет асамын.
Бекерге мен өлмеймін Асланға арқа болам,
Ішкі шерін тарқатуда мұңдасы боп табылам.
Көшенің ұлдары көп итше қауып жынданар,
Барлаушылар бұл жолы жырмнан сусынданар
Бекерге мен өлмеймін, достарым көбеюде,
Шаршап үйге қайтқанымда ай қарап иілуде
Бай, бек, билерге, дайын тек күй терме,
Ахау деп жыр айтайын шомылсын қара терге.
Бекерге мен өлмеймін, қарызымды қайтарам,
Ұл қызыңа барымша жазармын қайсар ән.
Қалай ғана қозғалсамда, міндетімді атқарам.
Анашымның сүтін ақтап жау ниетін тойтарам.
Бекерге мен өлмеймін, болашақ қамы үшін,
Бекерге кете қоймас барымша салған күшім.
Бекер өтпес өмір ішіп жеумен арпалыса,
Арада тұлға көбейер, тәңір егер қаласа.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Who Will You Run To Heart  Coldrain-new fate  Emmylou Harris If I Needed You  Kenny Chesney Some People Change  Kenny Chesney When I Think About Leaving  Песня служить россии 
О чем песня
G.H.A.D - Егерде мен өлсем (feat. Меруерт Мусрали)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен