Ердің Жолы(.com/ghad_salamalec) (исполнитель: G.H.A.D)

1-ші куплет

Атам қазақ айтып еді: Ер дегенің, елдің көркі.
Ұлы болғансоң даланың, түгел болсын төртің,
Кеудеңде лаулаған өртің ол отанға деген сезім,
Бабаң жауға бет бақтырмай, жүрген белестерді кезіп.

Сол отыңды өшірме, бөтеннің салтын көшірме,
Өсек артынан еріп, айналма бос сөзшілге.
Өмір бақи сыйлап өт әйел деген асылды,
Аналарға арналып көп жақсы сөз жазылды.

Өмір атты сапардың ұзындығы қамшы сабы,
Ең бастысы адам болу, жақсылықтың тауып бабын,
Ұмытпа деп үйреткен бар екенін бір Құдайдың,
Әр жасаған ісіңнен, ертең-ақ сенен сұрайды.

Оңды-солды шатасып, азғын артынан ерме,
Қауіп төнсе шаңыраққа жауға намыс жіберме,
Тесік таппай кірерге, сен үшін жұртың ұялмасын,
Сол үшін арыңды сақта, ұяңды да өрт шалмасын.

Қайырмасы:
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл,
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін !
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін !

2-ші куплет

Абзал қасиеттің бірі - еркектің сергек болғаны,
Ерте тұрған адамның ырысы жоғары,
Еңбекқор, ержүрек, қамыстан өлмес сірә,
Дүние артынан қуып, рухты ұмытпа бірақ.

Мейірімділік, салмақтылық шынайы жігітке тән,
Сыйластық қарым-қатынастағы басты мән.
Кәсібіңе мығым бол, тәсілдерін ұшта,
Алға жүрмесе жұмыс, сабыр танытып шыда.

Жаман болсын демейді-ау әр ата-ана өз баласын,
Жаман болама бала, осыны сіңірсе санасы?
Ұлы қазақ ұлтының ұрпаққа осы мұрасы,
Ғасырлар бойғы тарих ұмытылмас аяқ асты.

Білгенімді жеткізу, осығой қолдан келері,
О бастан бұл маңда дамыған жыршы өнері,
Айтып кеттім ойымды, ойлануға бір сылтау,
Болашаққа зор үміт, өздігіңді ұмытпау.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
High Bass Boost Серега - Кружим по району  Путь борца про дзюдо Саша Белый  Кирилл Гордеев и Вера Свешникова Валентина  Ради чего живем RAP PRO and Белый  Соси хуй уебище id13513931  Мы пустимся в полёт в одночасье  Магамет Дзыбов -Си Аминат  Котел мак сима мгла 
О чем песня
G.H.A.D - Ердің Жолы(.com/ghad_salamalec)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен