Отбасы (исполнитель: G-HAD)

1 шумақ Аль-Nasr
Жүзіңнен күлкі кетпесін аға, бәрі әлі де алда,
Өзің үйреткен ақыл-кеңес санада.
Ұстаздың ілімін ұмытады кім,
Мың түн, ініңмен сырыңды бөл тағыда.
Аға шеріңді әуеніммен тарқатамын,
Қолға қалам аламын деп, қалып қойдым қатардан.
Әттең тонның келтесі-ай, сапасымен бір қадам,
Қалталы көке қайда, демеп жүрер арқадан.
Үй-іші аман, денсаулығы тәуір анамның,
Сүйіншіңді дайында тілі шықты балаңның.
Жеңгетайым сағынып жүр, сабырлық танытуда,
Оқуында қарындасымыз үздік атануда.
Жақтырмайды у-шуды, әкееем сол баяғы,
Қан қысым көтеріліп сыр беруде оң аяғы.
Анашым екеуінің алданышы немере,
Бізді мүлде ұмытар тұңғышым дегенде.
Аға-ағатай, жағдайымыз осындай,
Жеңіл етер жараны, сәждедегі бір маңдай.
Нағыз ер жеңілмес, бұл ереже бізге мәлім,
Пай-пай сағыныш, іштен шыққан жан айқай.
Бөлмеңдегі көзге түсер Жапондық Киманоң,
Иманға от уағызың, талайдың болды шимағы оң.
Қабырға медальға толы, алтын, қола, күмістен,
Қасында суретің тұр, жымиып бір күліскен.

Қайырмасы Аль-Nasr
Шыда аға, шыда, өзіңді жоғалтпа,
Сақта пәкті, күтуде отбасың сені мұнда.
Налыма, өзің айтпақшы...
Сынақ түссе басыңа,
Сабыр ет шешім берер бір АЛЛА...
Шыда аға, шыда, өзіңді жоғалтпа,
Сақта пәкті, күтуде отбасың сені мұнда.
Налыма, өзің айтпақшы...
Сынақ түссе басыңа,
Сабыр ет шешім берер бір АЛЛА...

2 шумақ Masta Yella
Амансың ба інім, сенсің менің қол қанатым,
Темір тор ар жағынан бауырын сағынатын.
Сынақтың салдарынан жақыныңнан арылатын,
Тіршілік себебі бір, отбасы аманатым.
Сағынады екенсің дала мен қаланы,
Еске алып шіркін, анамның тәтті тағамын.
Сүйікті жандар алыс, құшағыма басатын,
Шектеулімін мұнда мен, сендерді жұбататын.
Сапары ұзақ жолда, шайқама тек қайықты,
Байыпты сөздеріңе ісің болсын лайықты.
Хақты даттайтын, әрекетте гәп бар,
Құдіретті күш иесі АЛЛАһу Акбар.
Ата-ана үміті сен, сенімін ақтап бер,
Біздің жанұяға қылмыскерден, біреу жетер.
Ақ-қараны ажырат, тек білім шам шырақ,
Жаман ой, ниетті алысқа шашырат.
Қара шаңырақ, жатпасын аңырап,
Үйдің бір іргесі сен, тірі болсын жаның нақ.
Саусақтың ұшыменен төзуге шама жетер,
Мен үшін уайымдама, шығамын жорғалап.
Інім, жан інім, осы менің әлемім,
Жеткізіп бар отбасына ағаңның сәлемін.
Анам мен әкемнің көз жасын төкпеу үшін,
Маңына жолаушы болма азғын деген бәленің.

Қайырмасы Masta Yella
Сақта інім сақта, Отбасын сақта ана жақта,
Нәпсіге қыл бір шара, Үй берекесін құртпа.
Қара тірлік, Жалған бірлік.
Түбі қорлық, Адам бол,
Бола көрме мақұлық.
Сақта інім сақта, Отбасын сақта ана жақта,
Нәпсіге қыл бір шара, Үй берекесін құртпа.
Қара тірлік, Жалған бірлік.
Түбі қорлық, Адам бол,
Бола көрме мақұлық.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Все у нас в порядке  Kiss Me Before I Fucking Lose My Mind Charlie Puth  ZippO – Иконы  BTS – Let Me Know  Песня львенка и черепахи  Банка с краской МРФ  Я готов целовать по которому ты ходила  Как олень ищет путь Молодежный хор Anterium Atis 
О чем песня
G-HAD - Отбасы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен