Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Оқушым, сөмкеңді ұста, киініп ал,
Қайта ғой, қонақ кепті, үйіңе бар.
Деп ұстаз мектебімнен қайтарған ед
Тыңдаушым, қонағы кім кейін ұғар.

Күйсе де, сағыныштың отындамын,
Қонақтар болсын мейлі жақындарым.
Ата-анам қалдырмаушы еді сабағымнан,
Білмедім неге жедел шақырғанын...

Алысамын ойыммен, сенделемін.
Үйге қарай аяңдап мен келемін.
Сағынған соң алыстан ат терлетіп,
Келген шығар, ағалар-жеңгелерім.

Келгені ме, апалар-жезделердің?
Олар келсе, үйіме тез келермін.
Айтқан кезде ұстаздың келбетінен,
Қандай қонақ шақырғанын сезбегенмін.

Бұл қонақ ішінде көп наласы бар,
Кешегі мұңын шаққан бала шығар,
Көшені бойлап үйге ойлап келем,
Десе де жорамалым нағашылар.

Қашан да баласына жаны құштар,
Анам ба ақ жүрегін алып ұшқан,
Баласын айлар бойы көрмегесін
Шақыртқан сол екен-ау сағыныштан.

Қалаға емделуге жөнелгеннен
Ізімен хат жазғанмын өлеңменен,
«Сағынып кеттім сені, құлыным-ау,
Сауығып емханадан келем», - деген.

Қуанышымды қалайша жасырамын,
Үйге қарай апалап асығамын.
Анам менің той жасап жатқан болар,
Аман келіп қаладан, асыл жаным.

Арасынан халықтың қара құрым,
Таба алмады анасын бала құлын.
Күтсе-дағы сарғайып анасының
Келмегенін білмеген болатұғын.

Бәрі мынау ауылдың адамдары,
Жылаған тұс-тұстан қараңдады.
«Анаң қазір келеді», - деді біреу,
Аласұрып жүрегім алаңдады.
Сағынышты адамым санамдағы
Анам еді, айтыңдар, анам қані?!

Көлік келді сол күні қала жақтан,
Жатыр біреу үстін ақ мата жапқан.
Келгесін де көпшілік сол адамды
Үйге қарай көтеріп бара жатқан.

Ақ сүт беріп өсірген анам екен,
Ақ жамылып қимылсыз ана жақтан.
Сонан бері кішкене жүрегімді
Айықпастай сағыныш жара жаққан.

Шуағын төгіп тұрған жаны нұрлы,
Елестеп анам болып сағымды ұрды.
Сағынып, келсе екен деп жүрген кезде,
Тағдырым өмір бойы сағындырды.

Түседі күлген кезі кейде есіме,
Күлкісі, қуанышы – сый-несібе.
Ғаламның сұлулары татымайды-ау,
Анамның күліп тұрған бейнесіне.

Ғаламнын сұлулары татымайды-ау,
Анамның күліп тұрған бейнесіне...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Для неё минус Guf  Витя Матанга- как она меня выносит  Храмов  Крид люблю  Missing You Ernesto Cortazar II  Artur Best sto nochey 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен