Менің хардкорым (исполнитель: Тарлан)

1. Жыр жазбадым шыны керек қатты ынталанып,
Және болмады түбінде осының бір талабым.
Әлі күн жазамын да оқи отырып мін табамын,
Және жөндеп отырамын таусылғандай күрт амалым.
Таста жырды, шаруаларың аз ба сенің,
Және мектеп емес бұл суреттер үш ай жазғы әсерін.
Іште бір наз дегенмен мойымайды назға сері,
Қалауым болса бір осы жырды тіпті жазбас едім.
Нүкте қойып, бітпесе де тіптен ойым,
Бірақ бұл дерт секілді бір бала кезден күткен ойын.
Кезінде қызығын көрмей өткен уақыт бекер еді,
Ал енді қазір бар десеңші не керегі.
Біреу айтар жыры мәнді, ұйқастары өте мығым,
Бірақ та РЭП мен білмейтін маған мүлде бөтен ұғым.
Мен білмеймін мейлі қару маңдайыма тақасаң да,
Қойғаным бар мейлі бұны не деп атасаң да.
мен білсем топас өнері,
Сөз көп ортада тілсіз мен көрген жапа сол еді.
Менің бөлмемдегі шам тек таң ата сөнеді,
Айтпаса сөздің атасы өледі...

Қайырмасы:

Келеңсіздік бел алуда жаман әдет салт болып,
Жетімдер үйі сәби де қарттар үйі қарт толы.
Шенеуніктер оны ойлайма мақсаттары даңқты орын,
Бұл менің хардкорым, бұл өмір хардкоры... 

2. Артта қанша қоңыр күз бен қанша ызғарлы қыс кетті,
Іштегі суық әлі мүлде кетпеген іспетті.
Жаз бойы тұрған ауыма бірде-бір балық түспепті,
Ойыққа салған қармақ та салмақсыз, бармақ тістетті.
Әрине, қай жанға кісен ұнасын,
Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткен түседі басым.
Несібеңе разы бол, амал жоқ місе қыласың,
Өмірді көрген соң ғана, шикібас, піседі басың.
Арсыз биліктен біздің күтеміз қандай үмітті,
Екі сөз басын қосуға болмаса жағдайы тіпті.
Келешекке қадам ба нық? 
Халық жатса қараң қалып,
Шенеунік ұлдары жүрсе ішіп жолда адам қағып.
Жұртпен тең ғып жаза тартар әңгіме де қалды бөлек,
Қазынаға айыппұлды жүреді тек жарлы төлеп.
Біздің назды кеше де бүгін де ешкім қолдамаған,
Міне не себептен менде әлі күнге қолда қалам.

Қайырмасы:

Келеңсіздік бел алуда жаман әдет салт болып,
Жетімдер үйі сәби де қарттар үйі қарт толы.
Шенеуніктер оны ойлайма мақсаттары даңқты орын,
Бұл менің хардкорым, бұл өмір хардкоры...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Novy svet  Плачет душа De Maar feat Grigorio San  Воспоминания Arseny Troshin prod КДК  Stay away ты помнишь  Улыбайс  Kleine Wolke Isabell Deutsches Kinderlied  Two seconds of flashback 
О чем песня
Тарлан - Менің хардкорым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен