Көздерім сені іздеуде (исполнитель: BaGi x БауырЖАН)
Көздерім сені іздеуде 364-ші күнім, бір жыл шеккен мұңым, Түнде болдың түнім, күндіз болдың Күнім. Түсіме енудесің сағындырып, алтыным, Сезіндім жабырқап жалғыздықтың салқынын. Қолдан келеді қайтаруға, бірақ қаламаймын, Өзгелер секілді табаныңды жаламаймын. Айтқанымнан қайтпаймын, сол үшін айыптымын, Теңіздің толқынында ескегі жоқ қайықтамын. Ниеті бар теңіздің түбіне батыруға, Бұлыңғыр болашақпен пенделер шақыруда. Сезінбедім жылуды сапасы сұлулардан, Қыстыңкүні жылындым тап-таза аппақ қардан. Домалақ жұмыр шардан таппадым сыңарымды, Түбінде білгенмін жүрегімді сынарыңды. Осылай жыларымды басында сезінгенмін, Зардабы білінуде жүрегімнің езілгеннің. Қ-сы: (x2) Көздерім сені іздеуде, жүрегім үміт үзбеуде, Мен үшін үлкен ғанибет, қорлама мені, Ақерке. Былғадым ақ парақты көк сиямен тағы да, Терең ойға батамын егер қалсам оңаша. Сен екенсің менің қайталанбас махаббатым, Күндіз-түні мазалап, ой-санамды жаулап алдың. Білемін, бұл сынақ, сондықтан төзіп өтермін, Дегенімнен қайтпаймын, соңында саған жетемін. Мен сені сүйгендей сен де мені сүйсең егер, Ең бақытты адам мен боламын бұл өмірде. Қалай болады егер сен жайлы ойламасам, Сен мені іздесең, ал мен сені қаламасам. Өткен күндердің бәрі қателік деп санасам, Жаныңа ауыр тие ме, айтшы енді маған. Дәл осы кейіпте өтуде менің күндерім, Бұрынғы бөлмеде жалғыздық мұңын шертемін. Қолымнан келсе егер, бір сәтке сені ұмытып, Жүректен мұңды алып, өмірімді өзгертемін. Қ-сы: (x2) Көздерім сені іздеуде, жүрегім үміт үзбеуде, Мен үшін үлкен ғанибет, қорлама мені, Ақерке.