Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Бауырларыма
Алғыс айтам достарыма,
Мектеп кезден бірге өскен.
Бірге өсіп жетелесіп, 
Қиындықпен бөліскен.

Қуанышта қасымда,
Қиындықта қасымда.
Бірге осіп дос болдық,
Сол бір мектеп Дарында.

Әлі күнге дейін біз,
Бауырласып келеміз.
Достығымыз жарасқан,
Бірлікке біз сенеміз.

Сендердің де арқаларың, 
Бақытты өмір мендегі.
Бірлікпенен басып өттік,
Артта қалған күндерді.

Бір жұдырықтай жұмылып,
Қиналған бір кездерде.
Қиындығын тағдырдың,
Бірге көрдік өмірде.

Барда да жоқта да,
Бірге болдық бірігіп.
2011 оқу жылы,
Шықтық оны бітіріп.

Бірге көрдік бәріміз,
Қиындығын өмірдің.
Жеңіп шықтық бәрінде,
Арқасында достықтың.

Сынағы бұл өмірдің,
Қиын екен қарасаң.
Мына жалған өмірді,
Қаталдыққа санасаң.

Бірге болсаң жеңесің,
Достарыңмен әрқашан.
Ажырататын достықты,
Өлім екен қарасаң.

Оқу оқып, білім алу,
Мақсат болсын өмірде.
Достарыңды бағалаңдар,
Тұрсын әркез сенімде.

    Қайырмасы:
Бауырларым мәңгіге,
Бауырларым қасымда.
Достың сенің тірегің,
Достым бұны жасырма.
Бауырыңсыз өмірдің,
Маңызы жоқ түсінсең.
Сынақ жасап өтіп көр,
Егер маған сенбесең.

Бауырыңнан айырылған,
Қиын екен өмірде.
Осы жағдай өтті біздің,
Басымыздан күрсіне.

Өмірден өтіп кетті,
Дәулет деген бауырымыз.
Сол кездегі есімде,
Жаралы болған жүрегіміз.

Сағындық біз өзіңді,
Өмірден сен өтсеңде.
Сағындық біз сөзіңді,
Сол бір айтқан кездерде.

Сен кеткенде өмірден,
Тағдырымыз қараланды.
Ұмытпаймыз сені мүлде,
Дәл өзіңдей дараларды.

Әліге дейін келеміз, 
Сені еске алумен.
Достық деген мәңгіге,
Қадам бастық сеніммен.

Қасымдағы бауырларға,
Арнадым осы әнімді.
Айтар сөзім жауларыма,
Келтірмеңдер күлкімді.

Достық деген мәңгіге,
Жеңеміз біз бәрінде.
Бауырларым тұрғанда,
Қорқыныш жоқ өмірде.

Осы жолды мен таңдадым,
Бауырларым қолдаған.
Тек алға ұмтылдым,
Биіктерге самғаған.

Биіктерді бағындырдық,
Бірге болып бәріміз.
Ешкімгеде бағынбадық,
Бұл күндердің сәніміз.

Шын жүректен достарыма,
Арнар әнім осы менің.
Айтарым менің достарыма,
 Шаттыққа толсын күндерің.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Як я люблю тебе  Everytime We Touch slow Mix Cascada  - We Were In Love  Superhero  Maria Magdalena pmmp  Лакмус  Alor on dance  Jazmin 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен