Сезім көктемі (сөзі: Назерке Семей. Корей әні) (исполнитель: Райым Уайыс)

Жанарыңнан төгіледі таң нұры
Жүрегіңнің көрінеді бар мұңы.
Сөндіріп – өртеп,
Мөлдірі мөлтек
Көз жасыңның жаңбыры.

Махаббат па жүрегіңе салған мұң?
Жоғалды ма мәні мына жалғанның?
Сарғайма күздей
Үмітіңді үзбе
Орындалар арманың.

Қ-сы:

Жарығым,
Бар мұңың
Өткiншi өмiрдiң
Бiр ғана бөлiгi

Оралмас өткенiң
Мұңаймашы, Жаным
Арайланар таңың
Келер тағы сезім көктемің.

Сағыныш тамшысын төкпеші
Күзімде гүл болып көктеші
Махаббатым,
Жылытсын мәңгілікке жаныңды сенің.

Өтпелі жарығым, ол қайғы
Келер күн бір бақыт жолдайды.
Шапағаты
Бөлесін қуанышқа таңыңды сенің.

2. Пәк үмітің бірер сәтке көз ілген
Көрінеді түпсіз тұнық көзіңнен.
Жанның қамшысы –
Жаңбыр тамшысы
Жанарыңнан үзілген.

Естіле ме саған жазған жан әнім
Жүрегiмнiң бағындырдың қамалын
Оранып түнге
Жарығым мүлде мұңаймасын жанарың

Қолыңды бер ертейінші бақыт еліне
Жүрегіңді жылытайын мен...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
НЕ СТОИТ НАМ  Deadmau5 No Interpolation  Deadmau5 No Reasons  ТЫ РЯДОМ СО МНОЙ  Deadmau5 Oblistique  Deadmau5 One  Deadmau5 Orange File  Deadmau5 Papers 
О чем песня
Райым Уайыс - Сезім көктемі (сөзі: Назерке Семей. Корей әні)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен