Анашым (исполнитель: Досымжан Таңатаров)
Анашым, ақ - дидарлым, Жаныма нәр құйғаным. Аңсайды әлі күнге Әлди жаным. Болсын деп арың – биік, Жеткіздің жаның күйіп. Басыма бердің - Ана Бағымды үйіп. Қ-сы: Жүзімнен шаттық көріп, Өсірген ақ сүт беріп, Аяулы ана! Бойыма қуат бердің, Ойыма шуақ бердің. Астынан аяғыңның Жұмақ көрдім. Анашым дара-таңым Мен сенің балапаның Аялы сағындырды Алақаның. Кең пейіл көл - көсірім, Тербелсін тал бесігің. Жүректен өшпейді – Ана! Мәңгі есімің. Аяулы ардақты анам Ән айттым арнап саған Әр сөзің тәтті тілек, Шәрбат маған.