Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Тыңдаңдар, жігіттер!

Менің кеудемде бір ой тұншығады,
Өмірдің мың сұрағы – 
«Неге біз бір қазақ болсақ та,

Бастарыңды қоса алмай жүрсің әлі?!
Неге үш жүзге бөлінесің, 
Шегесің, егілесің,
Бос мақтауға семіресің,
Біріңді бірің атасың,
Алдайсың, сатасың,
Өз бауырыңды бауыздағанға
Мақтанып жатасың.
Елімізде жүрген, мазақ етіп күлген,
Келімсектер де көп,
Олардың не ойы барын кім білген...
Есіңді жина,
Біріңді бірің бауырым деп сыйла!
Үмітпен жолға қара,
Біздің бағымыз жанады 
Сонда ғана!

Қазақтың бабасы бір,
Кең байтақ даласы – гүл,
Ұрпағы аласалмасын.
Жақынын жылатпасын,
Байрағын құлатпасын,
Қырандай дара самғасын...

Шындығына келсек, 
Бабамыз жауға шапқан,
Ұрпағы ұсақтап сауда сатқан.
Ақша емес, арды ойлап пайда тапқан.
Ия, біз батырлардың ұланымыз,
Бірақ, бүгін тұншығып жатыр ұранымыз,
Әлсіреп иманымыз,
Нәпсіге құмарымыз...
Өкпелесең, өзің біл,
Бәріне өзіміз кінәліміз...
Қадіріміздің қашқаны үшін,
Қарындастарымыздың абройын шашқанымыз үшін,
Кім көрінгенге құшағын ашқанымыз үшін.
Намысымыздың тоналғаны үшін,
Ана тілдің қадірі жоғалғаны үшін,
Арманымыздың қамалғаны үшін,
Өзіміз ғана кінәліміз...

Қазақтың заты мықты,
Ту қылып татулықты,
Жаратқан болсын тірегің!
Жасқанып жасымайтын,
Дұшпаннан шошымайтын,
Елім деп соқсын жүрегің!

Ойлан, жігіттер,
Бөлінгенді бөрі жейді,
Өмірді ұғынайық,
Жұдырық боп жұмылайық.
Өйткені, біз – қазақтың болашағы,
Біз - қазақтың болашақтан алашағы.
Біз – жеңістің шырқалатын тамаша әні.
Біз – биіктететін аласаны,
Қазақтың жігіттеріне бірге болған жарасады!!!!!!!

Қазақтар, бауырлар,
Бәрі де өз қолыңда...
Бірлікте болыңдар,
Болашақтың жолында!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Mark Knopfler Money for Nothing  Геноцид  Сердючка горилка  Мой номер 245 НАША ЛЮБИМАЯ В КАРАОКЕ  В нашу гавань  Onerepublic feel again  Текст i love  Сергей Дикий 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен