Мен сенімді ақтаймын)))) (исполнитель: G-HAD, АРНУР))

Қайырмасы
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!

1 шумақ Masta Yella
Атам Қазақ айтып еді: ер дегенің елдің көркі,
Ұлы болған соң даланың, түгел болсын төртің.
Кеудеңде лаулаған өртің, ол Отанға деген сезім,
Бабаң жауға бет бақтырмай жүрген белестерді кезіп.
Сол отыңды өшірме, бөтеннің салтын көшірме,
Өсек артынан еріп, айналма бос сөзшілге.
Өмір бақи сыйлап өт, әйел деген асылды,
Аналарға арналып көп жақсы сөз жазылды.
Өмір атты сапардың ұзындығы қамшы сабы,
Ең бастысы адам болу, жақсылықтың тауып бабын.
Ұмытпа деп үйреткен бар екенін бір Құдайдың,
Әр жасаған ісіңнен, ертең-ақ сенен сұрайды.
Оңды-солды шатасып, азғын артынан ерме,
Қауіп төнсе шаңыраққа, жауға намыс жіберме.
Тесік таппай кірерге, сен үшін жұртың ұялмасын,
Сол үшін арыңды сақта, ұяңды да өрт шалмасын.

Қайырмасы
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!

2 шумақ Masta Yella
Абзал қасиеттің бірі - еркектің сергек болғаны,
Ерте тұрған адамның ырысы жоғары.
Еңбекқор, ержүрек қамыстан өлмес сірә,
Дүние артынан қуып, рухты ұмытпа бірақ.
Мейрімділік, салмақтылық шынайы жігітке тән,
Сыйластық қарым қатынастағы басты мән.
Кәсібіңе мығым бол, тәсілдерін ұшта,
Алға жүрмесе жұмыс, сабыр танытып шыда.
Жаман болсын демейді-ау, әр ата-ана өз баласын,
Жаман болама бала, осыны сіңірсе санасы.
Ұлы қазақ ұлтының ұрпаққа осы мұрасы,
Ғасырлар бойғы тарих ұмытылмас аяқ-асты.
Білгеніңді жеткізу, осы ғой қолдан келері,
Обастан бұл маңда дамыған жыршы өнері.
Айтып кеттім ойымды, ойлануға бір сылтау,
Болашаққа зор үміт, өздігіңді ұмытпау.

Қайырмасы
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!
Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл,
Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл.
Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін,
Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
UGK Pinky Ring  UGK Fuck My Car  UGK Good Stuff  Дисс на 1-класс АК-47  UGK Chrome Plated Woman  UGK The Game Belongs To Me  UGK Underground Kingz 
О чем песня
G-HAD, АРНУР) - Мен сенімді ақтаймын))))?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен