Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Таңым атса, күнді күттім,
Күнім батса, түнді күттім шаршап.
Мың үміттің, мың күдіктің
Арасында кімді күттім аңсап.
Баяндай серт бере алмадың,
Мен Қозыдай сене алмадым, гүлім.
Келем деп ең, келе алмадың,
Келе алмасаң, неге алдадың бүгін?

Қ-сы: (х2)
Күн дидарын бұлт жасырған күнім,
Көктен күткен, көптен күткен гүлім.
Керек маған жұпарың мен нұрың,
Гүлім, күнім.

Мен – Төлеген, сен – Жібексің,
Менде жүрек – сен жүрексің жалын.
Шын Төлеген, шын Жібекке,
Айналайық бір жүрекке, жаным.
Толқып соқса жайық-сезім,
Айыпты мен, айыпты өзім заңды.
Сол Жайық та «гәкку» аңсап,
Сыңарын жүр аққу аңсап мәңгі.

Қ-сы: (х4)
Күн дидарын бұлт жасырған күнім,
Көктен күткен, көптен күткен гүлім.
Керек маған жұпарың мен нұрың,
Гүлім, күнім.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Дружко  Ра-ру-ра  Отвезу  Если не  Эйр Гир  Our last night - Dark storms  Там далеко-далеко есть земля Високосный год  Я губер 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен