Олар бакытты (исполнитель: BIG KAJY)

Алматы қаласы өзгертеді әлсіздің санасын,
Таңдау жоқ құлайсың әлде аяққа тұрасың,
Осы хаостың ішінде,тағдыр ойларын пішіндеп,
Кездестірді екі жанды,бір жігіт бір қыз...

Басталады қоңыраулар,гүлдер,смс,
Ол қыз бірінші курста,ал жігіт студент емес,
Ол өткен жылы бітірді енді шет елге дайын кетуге,
Бірақ оны махаббаты ұстайт...

Ешқандай кінәсі жоқ жалғыз кінәсі сезім,
Мүмкін сол себеп адасқан шығар дұрыс білмейм,
Қыздың көңілі айнып тест көрсеткен екі сызық,
Оны жылата отыра тастады өмірін сызып...

Үйге қоңырау ана дауысы шыдамады,
Көз жасына қақалсада шындығын айтып тастады,
Кешірші мені Мама...Ананың даусы шықпады,
Менің ондай қызым жоқ...айтты қорыққан жауабын...

Қ-сы:

Не болғанда да олар бақытты,
Себебі олар кінә деп білмейд,тағдырдың сарқытын...
Олар бақытты...

Не істерін білмейді енді жүректе қорқу,
Алдырып тастаған оңай,оңай мекен ұмыту...
Бір апта болды шықпады жатақханадан,
Қасындағы құрбылары жасынан безіп бастаған,

Болары болды айтайын,жігітіне соқты,
Жетші тез қиналып кеттім айтарым бар,
Ештеме түсінбеген жігіт асығады оған,
Осы апта шаруа көп болды сағынған шығар...

Кіріп келді бөлмесіне қыз оны көріп жылады,
Жігіт әзілдеп келдімғо деп оны құшақтады,
Жалпы батады...осындай заттан жүрегім қатады,
Жауапкершіліктен қорқып иманын ұмытады...

Көп ойланбады демек тағдырдың бұйрығы солай,
Қыздың қолынан ұстады жүгірді мешітке қарай...
Некесін қыйдырды,жақындар алып кет деді,
Артынан ерді,әке шешесінің лағынеті...бірақ

Қ-сы:

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Уақыт өтеді екеуінің жоқ көрмегені,
Пәтер жалдады жігіттің жоқ істемегені,
Күндіз құрылыста болса,кеште күзетші аулада,
Әйтеуір сүйген жарын тастап кетпеді далада...

Ия қиын болды ащщы көрмей тәтті болмайды,
Жарда тұрған каленьдарда санап берді тоғыз айды,
Түңгі үш дала,бір жауап роддом бұл,
Біраздан кейін құттықтаймын томпақтай ұл!

Тапты...келіншегің дүние сол сәтте өзгерді,
Жаңа туған сәби жас жігітке жан берді,
Мән берді өмірге,қорқумен кіріп бөлмеге,
Әйел қолыннан сүйді мейірмен қарап бөпеге...

Ұмытты бәрін ұмытты өмір берген азабын,
Алланың берген сыйлығы,әлі бәрінен озады!
Бақыт қолында...міне жердегі жәннат,
Қанатым болдың ұлым...атын қояды Қанат...

Эпилог:

Ей...негізі мұндай тарихтар аз,
Адал жандар бар екен көз жасқа орын болмас,
Мына екі жан,екі емес енді үш болды,
Олар бақытты...ең әдемі сөзімнің соңы...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Vanessa da Mata Meu Deus  Vanessa da Mata Ano de 1890  Vanessa da Mata Ainda Bem  Vanessa da Mata Essa Boneca tem Manual  Ты моя красотка pretty woman Андрей Калинин  Vanessa da Mata Ela x Ele na Cidade sem Fim  Доченька свадебный танец с папой Иосиф Кобзон 
О чем песня
BIG KAJY - Олар бакытты?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен