Сені күттім [Дұрыс Рэп] (исполнитель: EISDI)
#QARANGYREC [bad word] [bad word] eisdiofficial EISDI - Сені күттім (2015) Сені күттім, қыста тоңып ызғарынан, Көктемді күттім, жылынам деп суықтан. Кенет жаз келді жүрегімді жылытып, Міне қоңыр күз есте қоштасқан күніміз. Құшақтап тұрдың қиялмай сол бір уақыттарды, Дедің кешір басқасы бақытты қылады. Біз көп қиналдық кедергілермен алысып, Біз шыдадық көбіне тағдырменен жарысып. Бірақ ұтылдық , менде сендеде шаршадың, Тура келді соңында бақыты болу басқаның. Бақыттысың сен үшін мен қуанам, Әрдайым жүр күлімдеп себебі жарасат саған. Уақытты емші дейді бірақ маған күші жетпеді, Сені уақыт емес өзгенің көңілі емдеді. Дауысыңды естімегелі өтіпті біршама уақыт, Соғып тұратын едің бірдеңені сылтауратып. Қайырмасы : Сені күттім оралады деп қашан, Сені күттім қарап жолыңа алыстан. Күткенім рас, сенбесең жүрегім куә, Тағдыр келіп сыбырлады күтудесің деп сірә. Босаттым бірақта жүректен емес, Кете бер дедім бірақта жүрекпен емес. Мен білемін сенде мені күткеніңді, Көңілің түскен сәттерде мені іздегеніңді. Куә болды аспан, бізге қуана қарап, Куә болды аймен күн, біздің бақытты сұрап. 2 шумақ : Естеліктер бар біз жүрген жерлерде, Естеліктер бар қаланың әр жерінде. Естеліктер бар ескі суреттерде, Естеліктер бар жайықтың самал желінде. Естеліктерге тұнған біз кездесетін саябақ. Қолыңнан ұстап, атырауды аралап. Жүрген кездерім бақыт, өткінші, Біз көп қиялдаппыз болашақ өмірді. Ия ха қазыр күлкілі сияқты, Бірақ бақыттан жайнап қаншама таңдар атты. Қатты алдым бәрін жүрекке, Айтушы едің есімің мәңгі қалады деп жүректе. Қандай жағдай болсын жүректе бар деп орының, Алайда қазыр өзге жан төрінде жүрегіңнің. Тамыздың жиырма тоғызы менің туған күнім, Қайда әр бір жылсайын құттықтап соғатының.