Багалай алмадым сени (исполнитель: Батыров Ринат)

Ән-жырымды саған арнап,
Сені құлай сүйіп ем.
Жүрегіңді жаулап алып,
Бақытты боп жүріп ем.
Сенің шексіз сүйгеніңді,
Мен бағалай алмадым.
Алдадым өз жүрегімді,
Сезіміңді қорладым.

Бағалай алмадым, бағалай алмадым,
Мені сүйген сезіміңнің бағасын.
Бағалай алмадым, жаным-ау қиналдым,
Жаза алмадым жүрегімнің жарасын.
Бағалай алмадым, мен жалғай алмадым,
Енді адасқан қос жүректің арасын.
Бағалай алмадым, енді бұл өмірден,
Тартып жүрмін көз жасыңның жазасын.

Сен сыйлаған бағаламай,
Шын бақыттың бағасын.
Сағындым ғой сені сондай,
Қайта орал бақ құсым.
Сезіміңді сенің аппақ,
Кеш түсіндім бағасын.
Кешір жаным, мені тастап,
Қайда кетіп барасың?

Бағалай алмадым, бағалай алмадым,
Мені сүйген сезіміңнің бағасын.
Бағалай алмадым, жаным-ау қиналдым,
Жаза алмадым жүрегімнің жарасын.
Бағалай алмадым, мен жалғай алмадым,
Енді адасқан қос жүректің арасын.
Бағалай алмадым, енді бұл өмірден,
Тартып жүрмін көз жасыңның жазасын. (2х)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Медляк из сериала Реальные пацаны  Житие свв Кирилла и Мефодия учителей славянских 18  Отче наш - проповедь на молодежной  Bust Your Windows саундтрек к фильму  Моя милая 2013 WORLD MUSIC - Айнур Мансуров  ZigiZag провинция стрит 
О чем песня
Батыров Ринат - Багалай алмадым сени?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен