Сен сүйетін жігіт...[ССЖ] (исполнитель: RapLady aka Aika)

Сен сүйетін жігіт...
Бақытты едіңдер қос аққу көлде жүзгендей,
Сол арадағы сезімді тағдырдың өзі үзгендей.
Ортадан қақ бөлінді, ал қайғы еселенді,
Күндегі ұрыстар,қызғаншақтығын жетер енді.
Бір кездері әдемі жұп екеуі қандай бақытты,
Деп жұрттар сырттарыңнан қызығып тұратын қарап.
Тынымсыз қоңыраулар,смс және сыйлықтар,
Анаңа лайықты күйеу бала қалғандай жарап.
Бірақ,талқандалды махаббаттарың бір сәтте,
Өткенді еске ал,бірақ оралмайды дейсің әттең...
Ақ боз аттағы ханзада сен ойлағандай болмады,
Сен сүйетін жігіт түнгі клубтардың қонағы.
Сантүрлі қыздармен сен оны көрдің көшеде,
Сорлы жүректегі сезім осыған бола өше ме?
Жай нәрсе деп қабылдасаңда,жаныңды жеп барады,
Қарашықтан шыққан тамшы және қалғаны кек қана...

Қайырмасы
---------------------------------------------------------------

Мәселені шешуге,тырысқаныңмен үндемейді,
Сені оны жылап ойлайсың,күндіз жәнеде түн демей.
Қоштаспастан ғайып болған,айтпастан себебін,
Ол жігіт ойсыз болып тұр жараға тұзды себетін.
Бірге түскен суреттерін кітап болған үйінде,
Тастаған сынды қос жүрек,сезімін түйіндеп.
Ол жігіт қатты көкірек,қуыршақ қылған қыздарды,
Күнде қарап суретіне,сенің жүрегін сыздады.
Сен сүйетін жігіт тағдырыңның қарадағы,
Танымал қызқұмар осы үлкен қаладағы.
Қай жеріне қызықтың? сызып таста ойыңнан,
Сынға алатын сені бұл уақытша қойылма.
Сезім,махаббат,бақыт тағы да келеді,
Жүректі жаралау өмірдің басты дерегі.
Қарама артыңа тый екі көздегі жасты,
Жігіт үшін жылама сіңілім көтергін басты!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Macbeth The Twilight Melancholy  Macbeth Thy Mournful Lover  Macbeth Moonlight Caress  Macbeth Sweet Endless Sleep  Macbeth To My Falling Star  Macbeth Without You  Macbeth Watch Us Die  Macbeth Veils 
О чем песня
RapLady aka Aika - Сен сүйетін жігіт...[ССЖ]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен