Ерке кусым (исполнитель: Секен Турысбекв)

Слова Секен Тұрысбеков – Ерке құсым
Үнсіз ғана күлімдейсің 
Жүрегімді тілімдейсің 
Тұнық судың бетіндегі
Ай нұрындай дірілдейсің 

Айналайын ерке құсым 
Жан сырыңды шертемісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 

Ақ мамықтай үлпілдейсің 
Сәби күнгі күлкімдейсің 
Шөліркеген қарлығаштың 
Көмейіндей бүлкілдейсің 

Айналайын ерке құсым 
Жан сырыңды шертемісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің

Тамшыдайсың ыршып аққан 
Жас гүлдейсің бүршік атқан 
Тұна қалған сәуледейсің 
Көктемдегі күншуақтан 

Айналайын ерке құсым 
Жан сырыңды шертемісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 

Айналайын ерке құсым 
Жан сырыңды шертемісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 
Бұл жалғанда таусылмайтын 
Таңғажайып ертегісің 
Ертегісің.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Контрабандист  The Weeknd Belong to the World  Ромашки белые  Love buzz  In Flames Watch Them Feed  ТИМУР ТЕМИРОВ - Любимая моя  Кинса 
О чем песня
Секен Турысбекв - Ерке кусым?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен