АЙ МЕН БҰЛТТАР (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) (исполнитель: Алпамыс ФАЙЗОЛЛА)

АЙ МЕН БҰЛТТАР

Тылсымды ұғар таязда кілт болмайды,
Терең ойсыз желөкпе жұртты алдайды.
Түнгі аспанда мойылдай мөлдіреген,
Айдың жүзін неге осы бұлт торлайды?

Мен сендерге, әй, бұлттар, өкпелімін,
Тағдыры бір емес пе көктегінің!
Сұлулықты қайтесің бүркемелеп,
Шын асылға қиянат етпеді кім?!

Жақсы іспен санада жатталып қал,
Жансыз, тілсіз демеймін затта ырық бар.
Нұрда нең бар алайда Алла жаққан,
Елге керек жарықты жаппа, бұлттар!

Апарары өлеңнің шарықтау шың,
Жүректерді тәтті умен шағып та алсын.
Ай сұлуды, бұлттар, жасырмашы,
Жерде ақындар сүйсініп, шабыттансын.

Мен сендерге ұқсаңдар – сырбаз сыншы,
Көктегі мен жердегі жымдассыншы.
Бүркемегін, бұлттар,
Түндерде аймен,
Шын ғашықтар армансыз сырлассыншы.

Өз аңызын тудырар халық ойдан,
Аңызсыздың жетісер халі қайдан?!
Орын көп қой аспандай дарияда,
Әрмен жүзші, бұлттар, жарық айдан
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
В трубке травка И мне пофиг ю ноу ай лайк ит Гуф  Mamikon тебе  Тони-грим  Upgrade самый  Beast I Know it  ОКСИМИРОН ПРИВЕТ СО ДНА  Orkiestry Dete  Narek makaryan qez het 
О чем песня
Алпамыс ФАЙЗОЛЛА - АЙ МЕН БҰЛТТАР (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен