Қайран менің Еділім (исполнитель: Бекболат Тлеухан)

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу де болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіндей болып түскен жұрт,
Қайранда менің Еділім (2рет)

Қарға бойлы Қазтуған 
Қарға бойлы Қазтуған батыр да болып туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағай  садақ будырып,
Қылшанымды  оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.
Қайранда менің Еділім (2рет)

Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы  ордам қонған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер
Жабағылы жас тайлаp
Жардай атан болған жер,
Жары менен сайы тең,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Бақасы қойдай шулаған,
Балығы тайдай тулаған,
Шырмауығы шылаулы 
Шөккен түйе таптырмас,
Суда нағы балығы 
Көлге жылқы жаптырмас,

Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Бізден бір қалған  Еділ жұрт!
Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Бізден бір қалған  Еділ жұрт!.
Қайран менің Еділім,
Қайран менің Еділім,
Қайран менің Еділім,
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Garbage Til the Day I Die  Аdidas  So Fame So Fame  Лепс жил был я  Garbage Silence Is Golden  Garbage Breaking Up the Girl 
О чем песня
Бекболат Тлеухан - Қайран менің Еділім?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен