Мадинам (исполнитель: Тулегенов Берик)

Мадинам.

Ұнатасың не үшін мені,
Деп жиі сен сұрайсың.
Тура айтпасам кешір мені,
Сен себепсіз ұнайсың.

Сенің күліп қарағаның,
Сенің əрбір қылығың.
Сені күнде қалағаным,
Сүйгендіктен сұлуым.

Сенің жүзің мүсініңде,
Жаралғандай мен үшін.
Сен тырыстың түсінуге,
Менезімнің кем тұсын.

Ешкім сендей еліткен жоқ,
Ондай ешкім жоқ десем,
Сүйдің мені неліктен деп,
Сұрай берме текке сен.

Біздің бағыт бағдарымыз,
Алып барар бақытқа.
Себебі ортақ арманымыз,
Жанымда бол соны ұқта.

Жүрегіме айналдың,
Аз уақыт ішінде.
Жіпсіз саған байландым,
Түсін мейлі түсінбе.

Сезіміме əр бір шақ,
Адал болу қағидам.
Мəңгі өтейін сені аңсап,
Адал құсым Мадинам.

Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Песня ета  Muero De Amour Natalia Oreiro  Carry on Wayward Son сверхестественное  Неперелетная мельница ангелофрения  Коли любов  Yellow Ive Mendes  Kra аутро  ANNI B SWEET- TAKE ON ME 
О чем песня
Тулегенов Берик - Мадинам?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен