Бунын калай (2017) (исполнитель: BaGi)
Бұның қалай.. Бұның қалай.. Бұның қалай, жаным, бұның қалай?!.. ай-ай... Қарап тұрмын жұлдызды аспанға тамсанып, Таң атады, уақыттардан соң аз ғана. Жел еседі, тоңдыруда салқын самал, Күрсінуден басқа болмай тұр ғой амал. Болмағаны махаббаттың арамызда, Ақиқаттың шыңынан құлап барамыз ба.. Уақыт - емші, жүректерді баяу емдегенмен, Суықтың сызаттары қалып кетер санамызда.. Мүмкін, бұл тағдырым, өмірім де өзімдікі, Үзіліп түскен тамшы, ол - сенің көзіңдікі. Шаншып тұр менің кеудем, Әсері болар мүмкін, сен сыйлаған сезімдікі.. Қ-сы: x2 Бұның қалай, жаным, білмедім, Жабырқау, жалғыз күйдемін. Бір түсініп, менің ұққаным, Мен сені сүйгендей сүймедің.. Мендей сүймедің.. Мендей күймедің.. Сүймедің... Арамызды білесің бе үзгім келмейд(і), Аяныш деген сезімді және сезгім келмейд(і). Қинап өзіңді өзіме тәуелді қыла алмаймын, Мен босатып тұрмын, сені көңілім бір жібермейд(і). Бұның қалай, бұның қалай, Саған оңай болғаны, бұның қалай? Бұның қалай, бұның қалай, Кетеміз бе айырылысып оп-оңай? Екі жүрек ортасында қатынайтын, Көпірді бұзғаның, ешқашан да бұзылмайтын. Берген уәделерің менен сөздерің қайда, Бұның қалай, жаным, бұл қылығың болмайды.. Қ-сы: Бұның қалай, жаным, білмедім, Жабырқау, жалғыз күйдемін. Бір түсініп, менің ұққаным, Мен сені сүйгендей сүймедің.. Мендей сүймедің.. Мендей күймедің.. Сүймедің...