Алла діні аманат (исполнитель: Серік Қалиев)

Жүрген жандар бүгінде дін ұстанып,
Діңкілдесіп бекерге ұрыспалық.
Ақиланып көзіміз айқай салмай,
Ақиданы алдымен дұрысталық!

Жүрегіміз кеткен бе тым қатайып,
Неге оны жұмсартпай құр жатайық.
«Атам солай айтқан» — деп атып тұрмай 
Алла сөзін ақылға тыңдатайық!

Жаратқанға жалынып жыладың ба?!
Жәйнамазға «жалп» етіп құладың ба?!
Бар амалың жойылар, мүше болсаң 
Ат қойып айдар таққан бір ағымға.

Мұны естіп жынданасың, долданасың,
Ісіңе дәлел таппай қор боласың.
Қайтпексің сен мүше боп кірген ағым,
Пайғамбар ﷺ заманында болмағасын.

Расулдан рас сөз алмағасын,
Бидғатты биік деп алданасың.
Өмірдің тәттісі көп, зәм-зәм біреу,
Бұзылмайды ол Құдірет қорғағасын.

Мансап берсе дұшпандар масаттанып,
Айтаққа ерушілер жасақтадық.
Ғаламда құрылыс көп, қағба біреу.
Қағба жаққа қағынып тас атпалық!

Бұлақ көзі назардан былай қалып,
Тарам-тарам боп ақтық ылайланып.
Шынымен тұнықтықты керек қылсақ,
Бастауына барармыз шыр айналып.

Қасақана көлгөрсіп қас алдайды,
Нәпсісінен тәкаппар аса алмайды.
Алла діні аманат адамдарға,
Аманатқа қиянат жасалмайды!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Наодинц  Metronomy Radio Ladio  Cantabile  Сердце на пополам  Распятие Вздымается распятие Евгений Клячкин  Little Richard Good Golly Miss Molly  Сердце-камень  Эпидемия 
О чем песня
Серік Қалиев - Алла діні аманат?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен