Арман Бердалин - "Арақ пен Қазақ" (исполнитель: терме)

ҚАЗАҚ ПЕН АРАҚ

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң? 
Ішпек түгіл, ауызын да шаймаған. 
Алла бізге «арам» - деді арақты 
Зияны көп болғаннан соң пайдадан. 

Арақ деген наннан қымбат ас болып, 
Төреге ұқсап, төрде тұрар бас болып. 
Бабаларым сұрағанға су берген, 
Балалары у беріп жүр қас болып. 
Бұл күндері ішіп жүрген арағың, 
Бір күндері төгіледі жас болып. 
Ертеңіңді ойламайсың есіріп, 
Мәз боласың бүгін жүрсең мас болып. 
Түзде тойып жүргеннен соң не пайда? 
Үйде қатын, балаң жатса аш болып. 

Арақ сіңіп, арамданды қу денең, 
Кірі кетпес жусаң-дағы суменен. 
Пәк қазақтың ақ ниеті жойылып, 
Жоқ боп кетті-ау көкке ұшып буменен. 
Аз да болсын қуанышқа кенелсең, 
Айналаңнан сөз естисің «Жу!» - деген. 
Содан кейін дүйім елді шақырып, 
Тойғаныңша той жасайсың, бұ неден? 
Осылайша туысың мен досыңды, 
Жиып алып құрметтейсің уменен. 

Арақ үшін азапқа да шыдаймыз, 
Бұрын соңды жасамап ек бұлай біз. 
Біреу тойды арақ құймай өткізсе, 
«Шық бермейтін Шығайбай» - деп сынаймыз. 
Қолымызға арақ алып: «Я, Алла! 
Ұл-қызымды бақытты ет!» - деп сұраймыз. 
Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе егер, 
«Саған, Құдай, не жаздым?» - деп жылаймыз. 
Екі жасты сылтау етіп, есіріп 
Тост айтатын той жасаймыз бір ай біз. 
Арақпенен санаң бір күн сарқылып, 
Түзу жерде тік жүре алмай құлаймыз. 
«Дастарханға егер арақ қоймасам, 
Құдам ертең не дейді?» - деп шулаймыз. 
Ағыл-тегіл арақ құйып ақыры, 
Құдай емес, құдамызға ұнаймыз. 

Арақ сені абыройдан айырар, 
Мың сауабың бір тамшымен шайылар. 
Арақ ішіп, қартың жүрсе қартылдап, 
Жастарыңның бетін кімдер қайырар? 
Жетпісіңде жұтып алып жүз грамм 
«Жас жігіттен мықтымын» - деп жайылар. 
Бата беріп, тойдан кейін тойып ап, 
Аяғында сол үшін деп қайырар. 

Қызың қызыл, ұлың жүрсе ақ ішіп, 
Бір-ақ күнде бастан кетер бақ ұшып. 
«Әй» - деп ақыл айтар ата-анаң жоқ, 
Қайта бірге арақ ішер қағысып. 
Әкесі мен ұлы ішіп керісер, 
Екінші күн көз көгеріп, жақ ісіп. 
Жастықпенен ішімдікке құмартып, 
Бастықпенен кісі өлтірер, қан ішіп. 
Күнде-күнде күнә жасап, бұл қазақ 
Тозақ жаққа бара жатыр жарысып. 

Ақ арақтан бір босамай кесеміз, 
Әркімдерге кетіп жатыр есеміз. 
Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе, 
Жын соққандай беймәлім күй кешеміз. 
Сол арақтың емес пе еді кесірі, 
Үйде отырып бала тапты неше қыз? 
Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз? 
Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз. 
Айналайын, ақылы бар ағайын, 
Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз. 
Алдыменен өзің ішпе арақты, 
«Балам ертең адам болсын» - десеңіз. 

Арақ осы....
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Can Dizzy Dizzy  Burning Manowar  Can Halleluhwah  Can Yoo Doo Right  Can I Want More  Can Smoke  Салтыкова И 
О чем песня
терме - Арман Бердалин - "Арақ пен Қазақ"?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен