Кел маған минус мастер (Ерген Нұржан ұсынады) (исполнитель: Серік Ибрагимов)

1) Жүрегімді жылатпа жаным,
Мейлі мені сағынба сағын.
Арман болған түндердің,
Бірге жүрген күндердің,
Аламысың есіңе бәрін.

Тоғыспады өзіңмен жолым,
Мейлі маған көрінбе көрін.
Тауыссаңда төзімді,
Күтіп жүрмін өзіңді,
Жүрегімнің ұсынып төрін.

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Сен менің сүйетінімді (2x)

2) Іздеп жүрмін сыртыңнан сұрап,
Мейлі мені ұнатпа ұнат.
Арманым деп еңселіп
Ардақтаймын мен сені,
Сезімімді бағала бірақ.

Ертеңіміз біздердің жұмбақ,
Мейлі маған тіл қатпа тіл қат.
Бір өзіңмен тең бағым,
Кел маралым, кел маған,
Түн ұйқымды кеттің ғой ұрлап.

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Сен менің сүйетінімді (2x)

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сен неге сезбейсің?
Мен сені сүйетінімді (2x)
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
По Душам Feat Митя Северный 2012 Словецкий  Эльдар долгатов-у нее на поводке моя жизнь  Закрой За Мной Дверь Я Ухожу Кажэ Обойма feat Кино  Привяжи меня по крепче-Лолита  Есть в графском парке чёрный  В небо ингрет  Алтайская тайга Слава БОБКОВ  Тета-волны Сны глубокая медитация 
О чем песня
Серік Ибрагимов - Кел маған минус мастер (Ерген Нұржан ұсынады)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен