Дос керек (исполнитель: Имангали Тасмаганбетов)

ДОС КЕРЕК
          Cөзі – Ш.Сариев, әні -В.Питерцевтікі

Жалғаныңан жалыққанда дос керек
Сағыныштан зарыққанда дос керек
Арман алыс үмит ұзап жеткізбей
Жалғыз қалып қамыққанда дос керек

Кіші үлкенмен келісуге дос керек
Мауқым басып көрісуге дос керек
Бірлігіңді қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек

**********
          Дән риза менің нәзік гүл жаным
          Сыйлады гұмыр бізге мырза күн
          Бұл дүниеде саған досым-ай
          Саған досым ризамын

Дұшпаныңмен егесуге дос керек
Ақылдасып кеңесуге дос керек
Қадіріңді білмей тұғын тірлікте
Ағайынмен теңесуге дос керек

Зәбір көріп айырылғанда дос керек
Табаныңнан тайдырғанда дос керек
Қорлык көріп қаумалаған көп иттен, 
Көк жалдайын кайғырғанда дос керек

**********
          Дән риза менің нәзік гүл жаным
          Сыйлады гұмыр бізге мырза күн
          Бұл дүниеде саған досым-ай
          Саған досым ризамын

Жапырақты жаярыңда дос керек
Өміріңнің баянында дос керек
Ақылдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.

Дүниенің жалғанында дос керек
Қанатыңның талғанында дос керек
Қуанатын жүрегімен сен үшін 
Жұлдызыңның жанғанында дос керек

**********
          Дән риза менің нәзик гүл жаным
          Сыйлады гұмыр бізге мырза күн
          Бұл дүниеде саған досым-ай
          Саған досым ризамын
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Лето плавки  Going Nowhere Cut Copy  Даша Суворова старые фильмы  Лето плавки рокнрол нервы  Compute Soulwax  Позади чечня  Казаки казаки едут едут по берлину наши казаки 
О чем песня
Имангали Тасмаганбетов - Дос керек?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен