Әке Арманы (исполнитель: Нұржан Керменбаев)

Жапырақ жайған бәйтерек
Тереңге тартқан тамырын
Сезбеппін, әке, ертерек
Жаныңның ыстық жалынын
Ертеңім үшін көз ілмей
Атқыздың қайта таңыңды
Ахоу, ахоу, ахоу әке арманы

Түсінер кім бар өзіңдей
Сағыныш толы жанымды
Шапағат нәрін жиыпсың
Көңілге қуат беретін
Жолыма менің қиыпсың
Бақытты өзің көретін
Ахоу, ахоу, ахоу әке арманы

Мейірім шашқан жүзіңнен
Өмірдің өзін көремін
Әкелік асыл сөзіңнен
Жолымды тауып келемін
Әкелік асыл сөзіңнен
Жолымды тауып келемін
Ахоу, ахоу, ахоу әке арманы 

Мейірім шашқан жүзіңнен
Өмірдің өзін көремін
Әкелік асыл сөзіңнен
Жолымды тауып келемін
Әкелік асыл сөзіңнен
Жолымды тауып келемін
Ахоу, ахоу, ахоу әке арманы
Ахоу, ахоу, ахоу әке арманы
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Без тебя зима просто белая  Батяня - Камбат Любэ  Небо одно на всех  - Тем более  Electric Light Orchestra Here Is the News  Матушка Иван Кучин  Хамелеон любовь моя 
О чем песня
Нұржан Керменбаев - Әке Арманы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен