Иман Жүсіптің термесі (исполнитель: Бекболат Тлеухан)

Мен жасымда, жігіттер, топтан астым,

Менменсіген талайдың көңілін бастым.

Қасыма ерген жігітке олжа салып,

Бір түнде сегіз қызды алып қаштым.

Абылай аспас Арқаның сары-ай белі,

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.

Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас,

Нияздың Аюлы мен Қара көлі.

 

Бұғылы мен Тағылым бүркіт салған,

Ұйпалақтап баурыңнан түлкіңді алғам.

Есіл, Нұра, Ереймен, Қарақойтас,

Көзімнен бұл-бұл ұшты дүние-жалған.

 

Ішім жалын болғанда құр денем сау,

Маған десең, көз жасым жаңбыр боп жау.

Бүркіт ұстап басыңа бір шығарма ем,

Көзіме бір көрінші, Ерейментау.

Күйгенжарды ауылым жанай қонған,

Әкем Құтпан кезінде қандай болған.

Қазы-қарта жемейтін қайран басым,

Түрменің қара наны балдай болған.

 

Қырым едім, қор болдым қорғау түсіп,

Аспаныма шығармын бір күн ұшып.

Жүз қатыны қыпшақтың ұл тапса да,

Бәрібір бола алмайды Иманжүсіп.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Волшебный дом минус  Шахерезада Муслим Магомаев  Smiles like Teen Spirit Nirvana  Govinda Jaya Jaya  Голубые береты белая береза  The Libertines The Man Who Would Be King 
О чем песня
Бекболат Тлеухан - Иман Жүсіптің термесі?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен